Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28      8  702 -100-27-65 almatysu@mail.ru

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28      8  702 -100-27-65 almatysu@mail.ru

Извините, данная запись доступна только на Русский

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №150 «Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласы, Жароков көшесі, №196 үй мекен – жайы бойынша орналасқан Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2016 жылы сумен жабдықтау жөніндегі көрсетілген қызметтерінің есебі 2017 жылы 12 сәуірде сағат 16:00 – де, Алматы қаласы, 8-ші ықшам ауданы, №82 «А» үй (Алтынсарин даңғылы мен Шаляпин көшесінің қиылысы) мекен – жайы бойынша өткізетіндігі туралы хабарлайды.

*****

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны келесіні мәлімдейді

 “Delta Bank” АҚ -ның шотын қолдау уақытша тоқтатылғандықтан, Сіздерден сумен жабдықтау кызметініңтөлемдерін  “Qazaq Banki” АҚ -ныңесеп шотына төлеуд ісұраймыз.

Деректемелері

“Qazaq Banki” АҚ

БИН 081 040 018 831

ИИК KZ25549A1398R6005197

БИК SENIKZKA

Кбе 16

******

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеттінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №88-НҚ «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2016-2020 жылдарға арналған сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, өз тұтынушыларының назарына 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап сумен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердің шекті деңгейлері  және  суды  есепке алу  аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ақы мөлшерлерін төмендегі кестелерге сәйкес қолданысқа  енгізілетіндігін мәлімдейді.

Сумен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылардың топтары бойынша  сараланған тарифтердің шекті деңгейлері

теңге/м³  ҚҚС-сыз

Топтар

Тұтынушылар атауы

Тарифтер

I

- халық;

-ыстық сумен жабдықтау қызметін көрсеткенде толықтыру көлемінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесінде) жылу энергиясымен айналысатын кәсіпорындар;

-бекітілген нормативтік – техникалық ысыраптар көлемінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар.

49,61

II

- тұтынушылардың І – тобына жатпайтын өзге де тұтынушылар

136,37

 

Сумен жабдықтау қызметеріне суды есепке алу  аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ақы мөлшерлер

 теңге/адам айына ҚҚС-сыз

 

Көрсеткіштердің атауы

Ақы мөлшері

1

Көшедегі су колонкаларынан суды бөлу

37,21

2

Су және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер, ваннасыз

148,83

3

Су және кәріз жүйесі газы бар тұрғын үйлер, ваннасыз

186,04

4

Су және кәріз жүйесі су жылытатын ванналары бар, қатты отынмен жұмыс істейтін үйлер

223,24

5

Су және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық суы бар, қолжуғыштармен, ыдыс жуғыштармен, душтармен жабдықталған тұрғын үйлер

238,13

6

Су және кәріз жүйесі,ванналары, газ арқылы су жылытқыштары бар үйлер

297,66

7

Су және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық суы, отыратын ванналары бар, душтармен жабдықталған тұрғын үйлер

290,22

8

Су және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық суы бар, ванналармен жабдықталған тұрғын үйлер

416,72

 

*****

Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасының  шаруашылық жүргізу  құқығындағы «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (әрі қарай – МКК «Бастау»), Сізді 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап жеке есептеу құрылғыларын (әрі қарай – ЖЕҚ) алғаш рет орнату және орнатылған ЖЕҚ-ты ауыстыру жұмыстарымен айналысатынын хабарлайды.

ЖЕҚ орнату және/немесе ауыстыру үшін келісім шартқа отырып, көрсетілетін қызмет үшін ақыны МКК «Бастау» кассасына төлеу қажет.

ҚР Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігі Департаментінің 2013 жылғы 04 қыркүйекте келесі қызметтер үшін бағасын бекітті:

  • ЖЕҚ-ты алғаш рет орнату – 10 000 тг ҚҚС-мен;
  • ЖЕҚ-ты ауыстыру – 5 500 тг ҚҚС.

Толық ақпарат алу үшін 3 777 444 және 227 60 84 телефонына хабарласыңыз немесе Жароков к-сі, 196, №109 кабинетте кеңес алуға болады.

*****

Тұтынушының жеке кабинетінде Сіз:

• Жеке шотынызға қатысты ағымдағы ақпараттарды ала  аласыз;

• есептеулер мен төлемдер тарихын (мұрағатын) көре аласыз;

• есептеулер бойынша толық мәлімметтер аласыз;

• есептеу құралының көрсеткішін жібере аласыз;

• есептеу құралына  пломба қою, пломбасын алу туралы өтінішіңізді жолдауға болады;

• төлем жасайтын түбіртегіңізді шығара аласыз;

• ғаламтор арқылы төлем жасауға болады;

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің барлығын ғаламтор желісіне қосылған  қалаған компьтер арқылы, қалаған уақытыңызда жүзеге асыра аласыз. Жеке кабинетте жұмыс істеу үшін сіз ең алдымен тіркелуіңіз қажет.

Тіркелу барысында Сіз өзіңіздің қолданыстағы  электрондық поштаңызбен соңғы жасаған төлеміңіздің соммасымен күнін көрсетуіңіз керек.

Жеке кабинетке қатысты барлық сұрақтарыңызды  Web-порталдың мамандарына келесі телефондар бойынша +7 (727) 396-95-66 немесе almatysu@mail.ru , info@almatysu.kz электрондық пошталарына хат жіберу арқылы қоя аласыз.

*****

Құрметті Тұтынушылар! 

«Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сіздерден суды ұрлау және ағынды суды қалалық кәрізға/кәрізге заңсыз құю жағдайларын анықтауға ықпал етуіңізді өтінеді. 

Суды ұрлау мен ағынды суды қалалық кәрізге заңсыз құю кәсіпорынға, демек қаламызға да елеулі зиян келтіреді. Сондықтан осы жағдайды дер кезінде анықтау – біздің ортақ міндетіміз, оның шешімі қаламызға, сондай-ақ оның әрбір тұрғынына өз шарапатын тигізеді. 

Сіз өз ақпаратыңызды мына байланыс нөмірлеріне қалдыра аласыз:

  • Бірыңғай анықтама қызметі телефонына: 3 – 777 – 444,  
  • сенім телефонына: 245-95-28      8  702 -100-27-65 
  • кәсіпорынның электронды поштасына жаза аласыз - almatysu@mail.ru 

  Сізге ғана мәлім заңсыз су ұрлау фактілері болуы мүмкін.

Біз Сіздің көмігіңізге шын жүректен сенеміз. «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ұсынған Сіздің кез келген ақпаратыңыздың маңызы зор! Сіздің ешбір хабарламаңыз назардан тыс қалмайды.

Біздің міндетіміз – «су – тіршілік көзі» деген сөзді қала тұрғындарының ұдайы естен шығармауына қол жеткізу. Су сияқты маңызды табиғи қорды ұрлау мен бейберекет қолдануға жол бермеу керек! Су қорының таусылмас шексіз еместігін барлығы да жақсы біледі.