Құрметті тұрғындар!
2013 жылдың қазан айынан бастап, Android платформасында жасалып шығарылған мобильді нұсқа арқылы АЛСЕКО АҚ жеке кабинетіне қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды.
Смартфон мобильдік нұсқасы арқылы Сіз, дербес шотыңыз бойынша коммуналдық қызметтер туралы ақпараттарды бақылау мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Сонымен қатар, басқа қызметтердің ішінде, суық су мен ыстық су жеке есептеуіш құрылғысының көрсеткішін растайтын фото суретімен «Алсеко» АҚ –на өз бетінше жолдау мүмкіндігі бар.
Толық ақпаратты «Алсеко» АҚ-ның: http:// w.w.w. alseko.kz/ news/2111/ сайтынан біле аласыз.
******
Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 227-НҚ «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бастау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сумен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаны 2014-2016 жылдардағы орташа мерзімдік кезеңге бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, өзінің тұтынушыларына 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бастап тарифтік сметаны, 2014-2016 жылдардағы орташа мерзімдік кезеңге сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерге тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердің шекті деңгейлерінің, және сумен жабдықтау қызметіне есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ақы мөлшерлерің төмендегі кестелерге сәйкес қызметке енгізілетіндігін мәлімдейді.
Сумен жабдықтау қызметіне тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердің шекті деңгейлері
Тұтынушылардың топтары |
Тұтынушылардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Тариф (ҚҚС-сыз) |
Тариф (ҚҚС-мен) |
I |
- халық; -ыстық сумен жабдықтау қызметін көрсеткенде толықтыру көлемінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесінде) жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар; -бекітілген нормативтік-техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар. |
тенге/м3 |
49,61 |
55,56
|
II |
тұтынушылардың 1-ші тобына жатпайтын өзге де тұтынушылар |
тенге/м3 |
136,37 |
152,73 |
Сумен жабдықтау қызметіне есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар
үшін ақы мөлшерлер
№ |
Көрсеткіштердің атауы |
Ақы мөлшері (ҚҚС-сыз) теңге/адам айына |
Ақы мөлшері (ҚҚС-мен) теңге/адам айына |
1 |
Көшедегі су колонкаларынан суды бөлу |
37,21 |
41,68 |
2 |
Су құбыры және канализациясы бар тұрғын үйлер, ваннасыз |
148,83 |
166,69 |
3 |
Су құбыры және канализациясы, газы бар тұрғын үйлер, ваннасыз |
186,04 |
208,36 |
4 |
Су құбыры және канализациясы, су жылытатын ванналары бар, қатты отынмен жұмыс істейтін тұрғын үйлер |
223,24 |
250,03 |
5 |
Су құбыры және канализациясы, орталықтандырылған ыстық суы бар, қолжуғыштармен, ыдыс жуғыштармен, душтармен жабдықталған тұрғын үйлер |
238,13 |
266,71 |
6 |
Су құбыры және канализациясы, ванналары, газ арқылы су жылытқыштары бар тұрғын үйлер |
297,66 |
333,38 |
7 |
Су құбыры және канализациясы, орталықтандырылған ыстық суы, отыратын ванналары бар, душтармен жабдықталған тұрғын үйлер |
290,22 |
325,05 |
8 |
Су құбыры және канализациясы, орталықтандырылған ыстық суы бар, ванналармен жабдықталған тұрғын үйлер |
416,72 |
466,73 |
Құрметті тұтынушылар!
Тұтынушының жеке кабинетінде Сіз:
• Жеке шотынызға қатысты ағымдағы ақпараттарды ала аласыз;
• есептеулер мен төлемдер тарихын (мұрағатын) көре аласыз;
• есептеулер бойынша толық мәлімметтер аласыз;
• есептеу құралының көрсеткішін жібере аласыз;
• есептеу құралына пломба қою, пломбасын алу туралы өтінішіңізді жолдауға болады;
• төлем жасайтын түбіртегіңізді шығара аласыз;
• ғаламтор арқылы төлем жасауға болады;
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің барлығын ғаламтор желісіне қосылған қалаған компьтер арқылы, қалаған уақытыңызда жүзеге асыра аласыз. Жеке кабинетте жұмыс істеу үшін сіз ең алдымен тіркелуіңіз қажет.
Тіркелу барысында Сіз өзіңіздің қолданыстағы электрондық поштаңызбен соңғы жасаған төлеміңіздің соммасымен күнін көрсетуіңіз керек.
Жеке кабинетке қатысты барлық сұрақтарыңызды Web-порталдың мамандарына келесі телефондар бойынша +7 (727) 396-95-66 немесе , электрондық пошталарына хат жіберу арқылы қоя аласыз.
******
Құрметті Тұтынушылар!
«Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сіздерден суды ұрлау және ағынды суды қалалық кәрізға/кәрізге заңсыз құю жағдайларын анықтауға ықпал етуіңізді өтінеді.
Суды ұрлау мен ағынды суды қалалық кәрізге заңсыз құю кәсіпорынға, демек қаламызға да елеулі зиян келтіреді. Сондықтан осы жағдайды дер кезінде анықтау – біздің ортақ міндетіміз, оның шешімі қаламызға, сондай-ақ оның әрбір тұрғынына өз шарапатын тигізеді.
Сіз өз ақпаратыңызды мына байланыс нөмірлеріне қалдыра аласыз:
Сізге ғана мәлім заңсыз су ұрлау фактілері болуы мүмкін.
Біз Сіздің көмігіңізге шын жүректен сенеміз. «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ұсынған Сіздің кез келген ақпаратыңыздың маңызы зор! Сіздің ешбір хабарламаңыз назардан тыс қалмайды.
Біздің міндетіміз – «су – тіршілік көзі» деген сөзді қала тұрғындарының ұдайы естен шығармауына қол жеткізу. Су сияқты маңызды табиғи қорды ұрлау мен бейберекет қолдануға жол бермеу керек! Су қорының таусылмас шексіз еместігін барлығы да жақсы біледі.